01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

«Қазақмыс» корпорациясының кеніштері жаңа технологиямен жарақтандырылуда. Бүгінде барлық кен орындары жер асты бұрғыларымен, ауыр жүк көліктерімен толық қамтамасыз етілген. Бір ғана оңтүстік Жезқазған кеніштерінен жыл сайын  6 миллион 200 мың тонна шикізат экспортқа жөнелтіледі.
       
Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов кеніштермен қатар, Жезқазғандағы  бірқатар әлеуметтік нысандардың да жұмысымен танысты. Биылдан бастап Жезді өңірінің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға елдің қазынасынан 130 млрд. теңге бөлініп отыр. Соңғы жылдары Жезқазғанда денсаулық, білім, спорт саласы қарқынды дамып келеді.
 
Нұрлан АМАНҰЛЫ
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.