01 қаңтар
06:00

Тақырып бойынша жаңалықтар

Кедендік одақ еуропалық кәсіпкерлердің бұрынғы Кеңес одағының аумағында бизнеспен айналысуға көп мүмкіндіктер береді. Мұндай пікір Бельгияның Антверпен қаласында өткен «Бірыңғай кеден, бірыңғай тариф» атты жиында айтылды. Басқосуда Қазақстан мен Белорус елдерінің елшілері жиылғандарды Кеңес одағы ыдырағаннан кейінгі көршілес мемлекеттердің жағдайы, бір-бірімен қарым-қатынасы жайында мағұлматтармен таныстырды. Сондай-ақ, қазір ТМД аумағында сауда-саттық жасау мен қарым-қатынастың анағұрлым жеңілдегенін атап өтті. Кеңес одағының шекпенінен шыққан елдердің бас біріктіруі туралы бастаманы ең алғаш Президент Нұрсұлтан Назарбаев көтергені де айтылды осы жиында. 
 
Ерік Өтембаев, Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтағы төтенше және өкілетті елшісі:
Біз бүгін ТМД елдерінің арасындағы қарым-қатынастардың жай-күйін және еуропалық кәсіпкерлерді толғандырып жүрген бірқатар мәселелерді талқыладық. Елбасының бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы идеясы еуропалық бизнес өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырып отыр. Әсіресе, бүгінгідей Еуропа елдерін қаржылық дағдарыс жайлап отырған кезде бұл өте маңызды болып тұр. Яғни, Қазақстан, Ресей және Белорусияның нарығы еуропалықтарды қызықтырып отыр.
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.