Бөлімдегі өзге де бейнематериалдар:
«Қазпошта» акционерлік қоғамы мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Қонаевтың ғасырлық мерейтойына арнап пошта маркасын айналымға енгізді. Атаулы мекеме бұл марканы «Мерейтойлар, ұмытылмас даталар және мейрам күндері» топтамасы аясында шығарып отыр. Салтанатты рәсімде Димекеңнің туысы Дияр Қонаев пен Қазпошта Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Ермек Пірімбетов хат қалтасына өз қол таңбалары мен Қонаев бейнесі салынған почтамт мөрін басып, альбом алмасты. Бұл марка көркемсуретті, төрт бояулы, офсетті баспамен басылған. Әр парақта 10 данадан. Номиналы – 100 теңге. Сурет авторы – Данияр Мұхамеджанов.
Дияр Қонаев, Д.Қонаевтың туысы:
Бүгінгі күн тек біздің отбасы ғана емес, еліміз үшін де маңызды күн деп санаймын. Себебі, «Қазпошта» АҚ Ел ағасы мерейтойын елеп-ескеріп, осындай марка шығарып отыр. Біз туыстары атынан өз ризалығымызды білдіре отыра, суретшіге алғысымды айтамыз. Ол Д.А.Қонаевтың бейнесін ғана емес, бар болмыс-мінезін өте шебер бейнелеген.
Жазира ИСАЕВА
*Жаңалықтармен бөліскіңіз келсе кері байланыс арқылы хат жазуларыңызға болады.










Көшіру | pdf
