Жүнісова Ләззат Олжабайқызы

Еңбек жолын 1996 жылы «Қазақстан» ҰТА-да бастаған. 2002 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма мүшесі, 2004 жылы басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды. 2006-2009 жылдары «БТА банк» АҚ бренд офисінің директоры, 2009 жылы «Arna Media Production» ЖШС директорының орынбасары, 2010 жылдың маусымында «Телевизиялық жаңалықтар агенттігі» ЖШС директоры. 2010 жылдың 1 желтоқсанынан «Евразия+ОРТ» ЖШС бас директоры. 2011 жылдың қарашасынан «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары.