Аймақтық желі

  • Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы

    1958 жылы облыстық Ұлттық депутаттар кеңесінің шешімімен Петропавлда телемұнараның құрылысы қолға алынды.

     
    1960 жылы 1 наурызда шығармашылық ұжымды құру жөнінде бұйрық қабылданды. Дәл осы жылдың маусым айында облыстық телевизияның тырнақалды бағдарламалары эфирге шықты. Ол кезде телевизия телерадио тарату жөніндегі комитеттің құрамында болатын. Оған облыстық радио, телеорталық және телевизия студиясы енді. Комитет төрағасы қызметін Я.М.Грин атқарды. Телеорталықты И.И.Макаркин, телестудияны  Е.Н.Маклаков басқарды.
     
    1967 жылы телеарнаның шығармашылық ұжымы жерлес жазушы Иван Шуховтың романы негізінде «Ойын» фильмін түсірді. Режиссері - И.Маслов, операторы -  А.Аккерт. 
     
    1968 жылы студенттік құрылыс жасақтары туралы «Планета целины» деректі фильмі түсірілді. Авторы - Л.Перехрест, режиссері - О.Торопкина. Ауыл еңбеккерлері арасында өткен «Золотой колос» байқауы Петропавл студиясының бастамасымен ұйымдастырылған еді. Көрерменнің ықыласына бөлінген хабарлар ретінде телевизиялық «Софит» жастар клубы, «Северянка» әйелдер клубы, «Ақ отау» әдеби телевизиялық бірлестігінің бағдарламалары және «ЗУМ» балалар хабарын атап өтуге болады.
     
    1972 жылы телевизияға ПТВС алынды. Осы техниканың көмегімен хабарлардың дені оқиға ортасынан эфирге берілді. Алғашқысы - облыстық драма театрда өткен КСРО-ның 50 жылдығына арналған салтанатты жиналыс еді.
     
    1982 жылы телеарна түрлі-түсті форматқа көшірілді. Павильондағы бағдарламалармен қатар түрлі-түсті кино өндірісінің қыр-сыры да осы жылдары меңгерілді.
     
    1990 жылы телеарналарды жаппай коммерцияландыру дәуірі басталған кезде студия ұжымы қаржы табу мақсатында қызмет етті. Белгілі бір мекемелер үшін ақылы фильмдер түсірілді. Тілші Бекмұхамбетованың жетекшілігімен «СКВ Панорама» арнайы коммерциялық топ құрылды.
     
    Бүгінде «Қазақстан-Петропавл» облыстық филиалының өзіндік ойып алар орны бар. Телевизия тәулігіне 17 сағат хабар таратады. «Қазақстан» РТРК АҚ СҚОФ 2 қабатты өндірістік-әкімшілік ғимаратта орналасқан. Жалпы аумағы 1841,3 шаршы метрді құрайды. Тұрғындарды телерадиохабарлармен қамту мөлшері 70 пайызды құрайды. Телевизияның аумағы 220 шаршы метрді құрайтын кең павильоны бар, мұнда барынша көп адамды қатыстыруға мүмкіндігі бар хабарларды тікелей эфирде де, алдын ала жазу арқылы да өткізуге болады. Павильон қойылымдық әртүрлі планды декорациялармен, сантаңбалық 3 камерамен жабдықталған. Радиохабарларды тікелей тарату және жазу үшін заманауи компьютерлік және дыбыстық техникамен жабдықталған жеке студиясы бар. Барлық кешендер сантаңбалық форматта.

     

  • Біздің ұжым
  • Жетістіктер
  • Бағдарламалар
  • Қарым-қатынас