Аймақтық желі

  • Қостанай облыстық филиалы

    1989 жылы Қазақ КСР телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің Қостанай облыстық телевизиясын ашу туралы арнайы шешімі қабылданған. Қостанай облыстық филиалы телевизиялық хабарларын тұңғыш рет 1991 жылы 1 ақпанда бастаған. Алғашқы сынақ хабарлары «Қазақстан» арнасынан аптасына 2 рет, сейсенбі және жұма күндері 30 минут бойында (қазақ және орыс тілдерінде)  шығып тұрған. Қостанай теледидарының тұңғыш іргетасын қалағандардың қатарында сол кездегі телерадиокомпания төрағасы Н.Ислямиев, Б.Нұрмұхамедов, бас инженер В.Асташов, бас редактор Ә.Мадиндер бар.

    Тұнғыш төл телехабарды жасап, эфирге шығаруға кәсіптік шеберлігі мен шығармашылық күш-қуатын жұмсаған журналистер Анатолий Гаврилов, Жанұзақ Аязбеков, Қайрат Мұқатов, инженерлер Анатолий Лукашкин, Юрий Смирнов, дикторлар Алла Ломова, Ляззат Жайынбаева және т.б.

    Облыс бойынша телехабар тарату «Кателко» жер серігі арқылы «Қазақстан» Ұлттық арнасында аптасына 5 рет (сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа), 1 сағат көлемінде жүргізіледі. Қала бойынша  28 ДЦМ жиілігінде  тәулігіне 14 сағат  эфирге шығады.

    2010 жылдың 13 желтоқсанынан  «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы «ОтауТВ» спутнигі арқылы толық көлемде, 14 сағаттық телебағдарламаларды ел аумағына таратады.

  • Біздің ұжым
  • Жетістіктер
  • Бағдарламалар
  • Қарым-қатынас