Корпорация жайлы
"Қазақстан" Ұлттық телеарнасын, Қазақ радиосын және аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіретін "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы еліміздің электронды бұқаралық ақпарат құралдары арасында ерекше орын алады. Бұл мекеме өзінің қалыптасуында бай тарихқа ие және Қазақстанның теле-радиожурналистикасының үздік дәстүрін мұра етіп келеді. Мұның бастауында 1922 жылы негізі қаланған Қазақ радиосы мен 1958 жылы құрылған республикалық бірінші телеарна тұр.
"Қазақстан" – біздің мемлекетіміздің ақпараттық саясатын жүзеге асыратын мемлекеттік телерадиокорпорация. Тұрғындарды қамту жағынан бұл сөзсіз, алдыңғы орынды иемденеді. Еліміздің 98,63% тұрғындары біздің хабарларымызды көріп, тамашалай алса, Қазақ радиосын тұрғындардың - 88,74 , "Шалқар" радиосын - 61,31 пайызы тыңдай алады. Сондықтан да, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен аймақтық телерадиокомпанияларының сигналдары анық таралатын аймақтарға кіретін Қазақстандағы ауыл тұрғындарының, кем дегенде, жартысы үшін теледидар ақпараттық және мәдени қажеттілікті, білім алуды, демалысты ұйымдастыруды қанағаттандыратын басты құрал болып қала бермек.
Корпорацияның хабар тарату саясаты ақпараттық, ағартушылық, ойын-сауықтық бағыттағы ақпарат беруде, ұлттық және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын, гуманизм идеяларын және Қазақстан халықтары арасындағы достықтың даңқын арттыру мен насихаттауда салмақтылыққа және объективтілікке ие болып келеді. Біз азаматтарымыздың елімізде болып жатқан қоғамдық-саяси процестерге қатысты екендігіне, ондағы жетістіктерді мақтан тұтуға, туған жерге деген махаббат сезімдерін қалыптастыруға ықпал етуге ұмтыламыз. Біз түрлі бағыттағы ақпараттар тасқынында жас мемлекетіміздің әрбір тұрғынына дұрыс бағдар беруді, ертеңгі күнге деген сенімділігі мен оптимизмін орнықтыруды, өзінің азаматтық ұстанымын таңдауға көмектесуді міндет санаймыз.
Бүгінде біз қазіргі заманға сай ойлайтын ұжымға, талантты шығармашылық қызметкерлерге және жаңа инженерлік-техникалық құралдар кешеніне иеміз. Мұның бәрі қарқынды дамып келе жатқан қоғамның ерекшеліктерін және көрермендер мен тыңдармандардың ақпараттық-ағартушылық қажеттіліктерін ескере отырып, өзіміздің жоғары сапалы эфирлік өнім өндіруімізге кепілдік береді.
"Кеңестік дәуірде корпорацияда дағдарыс пен тоқырау болған жоқ" деп айту - артық та болуы мүмкін. Бірақ, 2001 жылы менеджерлердің жаңа командасының келуімен жағдай айтарлықтай жақсара бастады. Жаңадан хабарлар циклі, қызықты да тартымды ток-шоулар пайда болып, көрермендер мен тыңдармандардың саны артты. Қазіргі заманға сай және қарқынды түрде дами отырып, телерадиокорпорацияның жаңа бет-бейнесі пайда болды. Сонымен қатар, оның жас мемлекеттің азаматтық құндылықтарына негіз болатын басты идеялық құрамы – патриотизмі, Қазақстанның тарихи және рухани мұрасына қатыстылығы сақталған.
Демек, корпорацияның табыстары, бәрінен бұрын, біздің ұжымымыздың қызметімен байланысты. Біз корпорацияның әрбір қызметкері өздерінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асырғанын қалаймыз, сол үшін де қолдан келгеннің бәрін жасап келеміз. «Қазақстан» Ұлттық телерадиокорпорациясының ұжымын "Республикамызда және әлемде болып жатқан барлық процестерді анық бағамдай алатын шағын қоғам" деуге болады және ол елімізге, онда тұратын адамдарға, отандастырымыздың пайдасына жарауға ұмтылып келеді.



Көшіру | pdf
